"Неунывайкада" 6-шы күн
Бүгін "Неунывайкада" біздің іс-шара "Денсаулық күніне"арналды. Күн таңертеңгілік жаттығудан басталды. Содан кейін балалар екі топқа бөлініп, "Денсаулық сабақтары" викторинасына қатысып, "Жауап бер", "Тауып-ал", "Анаграммалар", "Жұмбақтар – гигиена көмекшілері"сайыстары өткізілді. Барлық командалар жақсы өнер көрсетті. Күн соңында балалар Денсаулық – кез келген адамның өміріндегі баға жетпес бақыт деген бір пікірге келді. Біздің әрқайсымызға мықты және дені сау болу, барынша ұзақ қозғалу, сергектік, энергия сақтау және ұзақ өмір сүруге қол жеткізу ниетіміз тән.





