"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есепті жария талқылау«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есепті жария талқылау«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Приозерное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 15.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мектепте білім беру саласы бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы барлығы 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0        қызмет;

электрондық нұсқада -27 қызмет;

     қағаз түрінде -17 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

     «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі     (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»

«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу»

«1-сыныпқа құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау«10-сыныпқа құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау»

«Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын балалар үшін үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау»

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»

«Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

«Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

«Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету)»

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және қабылдау»

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды білім беру ұйымдарына қабылдау»

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері:
Қызмет алушылар үшін қажетті ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында
http://sandyktau.aqmoedu.gov.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидалары берілген.

Сонымен қатар ақпараттық тақтада тиісті мәліметтер орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленген жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары:
    2025 жылы мектеп тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде 13 жарияланым орналастырылып, 4 тікелей эфир өткізілді.

Ай сайын халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру

1) Үдерістерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

 

     Сонымен қатар 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттық жүйе жұмыс істейді, онда 4 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары:
Мектепте мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді. Ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Шағымдар туралы ақпарат:
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Ішкі бақылау нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тарту жағдайлары анықталған жоқ.

3) Қоғамдық мониторинг нәтижелері:
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

5. Қызмет көрсету тиімділігін арттыру перспективалары

2026 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст