Текст
11 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне арналған "Көңілді мәрелер" шарасы өткізілді.
Жарысқа 3 және 4 сынып командалары қатысты. "Көңілді мәрелер" шарасының мақсаты балалардың денсаулығын нығайту, қозғалыс дағдыларын, дене қасиеттерін дамыту; оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, отансүйгіштікке, атаулы күндерді құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Командалар ең мықты, жылдам және епті атағы үшін жарысты. Жарыс қызықты тапсырмалар түрінде өтті.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері жарысты ұйымдастырып өткізді.
Денешынықтыру мұғалімі: Вознюк А.