Текст
Шілденің 18-нен 22 аралығында мектеп жанындағы учаскеде жұмыс кестеге сәйкес 2-10 сынып оқушылары жұмыстар атқарды. Бірінші күні жұмыс басталар алдында оқушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Учаскеде тәжірибеден өту кезеңінде балалар келесі жұмыс түрлерін атқарды: гүл егілген гүлзарларды, жолдарды, көкөністер отырғызылған жүйектерді, картоп алқаптарын арам шөптен тазартты,гүлзарларды, жүйектерді және мектеп кабинеттеріндегі гүлдерді суарды. Жұмыс барысында еңбек пен демалыс тәртібі сақталды.
Жауапты мұғалім: Тлеулинова Г.Б.