"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"

"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:

 

1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Білім Министрінің бұйрығына сәйкес" денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20744 болып тіркелді.

Бұл мемлекеттік қызметті келесі түрде алуға болады

- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;

- "Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz ",

"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы құжаттар топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы (еркін нысанда) қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "Жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, анықтамалық қызметтер, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мына номерлерден алады 1414, 8 800 080 7777.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында материал "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтында орналастырылады, электрондық пошта мекенжайы sc0011, sandyktau.aqmoedu.kz/, ақпараттық стендтерде және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша 87164097645 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.


Текст