«Абай -қазақтың ұлы ақыны»
Тілдер күні аясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналған сынып сағаты өткізілді. Іс-шара оқушылардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі Абайдың рөлін тереңірек түсінуіне бағытталды.
Сынып сағаты кіріспе бөлімнен басталды. Оқушылар Абайдың өмір жолының негізгі кезеңдерімен, оның отбасымен және ақын, тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызды сәттерімен танысты. Кейіннен балалар өздерінің баяндамаларын ұсынып, онда Абайдың «Қара сөздер» секілді шығармаларын талдап, олардың бүгінгі күндегі өзектілігін талқылады.
Ерекше назар Абай басты орынға қойған құндылықтарға- әділеттілікке, адалдыққа және парасаттылыққа аударылды.
Оқушылар өте жақсы дайындықтарын көрсетті: олар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып, терең түсініп жеткізді, сондай-ақ сұрақтарға белсенді жауап беріп, тақырып бойынша терең білімдерін көрсетті. Талқылау диалог түрінде өтті, бұл әрбір оқушыға өз ойын айтуға және оқыған шығармалары жайлы әсерімен бөлісуге мүмкіндік берді.Өткізілген сынып сағаты оқушылардың Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Оқушылар мәтінді талдауды, қорытынды жасауды және көпшілік алдында сөйлеуді үйренді. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, Абай Құнанбаевтың тұлғасына деген құрметті арттырды, сонымен бірге оның мұрасы үшін отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін нығайтты.
Сынып жетекшілері: Махомет Е.Н., Кравченко Л.В.