Текст
Гуманитарлық цикл апталығы және Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігі аясында бүгін 12 қыркүйек күні 6 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Абай жолы» романы тақырыбында сабақ өткізілді. Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды, сол тапсырмаларды сәтті орындады. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша кластер құрастырды, топтық жұмыс жүргізілді, бейнероликті тамашалады, жұптасып жұмыс жасады, кезектесіп тапсырмаларын тексерді. Сабаққа оқушылар қызығушылық танытып,тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Оқушылар барлығы белсенді жұмыс жасады,өз білімдерін өз бетінше бағалады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Шаймерденова С.Л.