Ұйымдар тізімі
Бастауыш сынып оқушылары арасында "Қазақ ертегілерінің әлеміне саяхат" атты қызықты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар халық ертегілерінің ғажайып әлеміне еніп, олардың кейіпкерлерімен жақынырақ танысты. Оқушылар Желаяқ,Таусоғар,Көлтаусар,бір көзді Дәу, Қанбақ шал және басқа да танымал ертегілердің кейіпкерлері көрсетілген мультфильмді тамашалады.Балалар кейіпкерлердің оқиғаларын қызығушылықпен бақылап, олардың іс-әрекеттерін талқылады. Ертегілердің жақсылыққа, батылдыққа және сыйластыққа үйрететінін түсінді.
Іс-шараның соңында оқушылар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін - қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Бұл іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қазақ және әлем фольклорының бай мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Қазақ тілі мұғалімдері
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...