Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал
Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм,
Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!
16.02.2021 кітапханашы Р.А. Анапина 10 сынып оқушыларымен ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып. Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған жас азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,елжандылыққа,отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру мақсатында әңгіме өткізді. Қайырбаев Бақтияр"Анама хат" әнінің жолдарын оқыды. Біздің ұрпағымыз соғыс деген не екенін ешқашан білмесін.
Анапина Р.А.