Текст
Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында 30.04.2021 жылы «Болашақ» шағын орталығында «Бірлік пен келісім» тақырыбында әңгіме өтті. Әңгіме барысында балалар бірлік, келісім, Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері өмір сүретінін білді. Балаларға қонаққа балалармен бірге қазақтың ұлттық ойындарын ойнаған Карлсон келді. Әңгіме соңында ол балаларға қонақжайлылығы үшін алғыс ретінде шырын сыйлады және ол жиі келуге уәде берді. Әңгіме А.Дүйсенбиевтің «Жер балалары» өлеңін оқумен аяқталды.
Шағын орталықтың тәрбиешілері: Григоренко Т. В., Шипило Е. В.