«Қысқы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі»

2020 жылдың 14 желтоқсанында 4 сынып оқушыларымен «Қысқы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Оқушылар мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы жадынамаларды оқып, қыс мезгіліндегі жүріс-тұрыс ережелерін еске алды. Сынып сағатының соңында оқушылар мен олардың ата-аналары үшін «Абайлаңыз, жұқа мұз!» жадынамалары таратылды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Шипило Т. А.