"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әл-ауқат-денсаулық кепілі»

«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында бастауыш сыныптарда «Әл-ауқат-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім алушылардың өз денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту, сондай-ақ бір-біріне деген мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу және буллингті қабылдамау көзқарасын орнықтыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың, күн тәртібін сақтаудың, тұрақты дене белсенділігінің және өзінің эмоционалдық жағдайына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы білді. Оқушылар талқылауға белсене қатысып, өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті. Бұл олардың өз денсаулығы мен әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауға деген ынтасын арттырды.
Сондай-ақ «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында білім алушылармен буллинг туралы әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында мектеп ортасында мазақ етуге, ренжітуге, қорлауға және агрессияға жол беруге болмайтынына ерекше назар аударылды. Оқушылар бір-бірін құрметтеудің, сыныптастарын қолдаудың, айналасындағылардың сезіміне мұқият болудың және қиын жағдайларда ересектерден дер кезінде көмек сұраудың маңызын талқылады.
Іс-шара соңында оқушылар денсаулыққа қамқорлық жасау- толыққанды өмір мен көптеген саладағы табыстың кепілі деген қорытындыға келді. Олар күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді енгізудің, ұжымда мейірімді атмосфераны сақтаудың және буллингтің кез келген түрін қабылдамаудың маңызын атап өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері.
 


Текст