«Ұстаз болу – жүрек таңдауы. Неліктен мен мұғалім болдым?»

«Ұстаз болу – жүрек таңдауы. Неліктен мен мұғалім болдым?»
Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Мектеп парламентінің оқушылары ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бибігүл Урузбаевнамен мазмұнды әрі жылы сұхбат өткізді.
Оқушылар ұстазға мамандықты таңдауына не себеп болғанын, ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарын, еңбек жолындағы есте қалған сәттерін және бүгінгі таңда «ұстаз болу» ұғымының ол үшін қандай мағына беретінін сұрады.
Әр ұстаздың мамандыққа келу жолы әртүрлі. Бірі бала күнгі арманын жүзеге асырса, енді бірі кездейсоқ басталған жолын уақыт өте келе жүрек қалауына айналдырады. Алайда барша ұстазды біріктіретін ортақ құндылық бар. Ол – балаға білім беріп қана қоймай, оның өзіне деген сенімін арттыру, қабілетін ашуға көмектесу, арманына қанат бітіру.
Бибігүл Урузбаевна өз ойымен бөлісе отырып:
«Ұстаз болу - тек білім беру емес. Бұл -әр күн сайын оқушының жанынан табылу, оған қолдау көрсету, шабыттандыру және шәкірттеріңнің өсіп, өз мақсаттарына жеткенін көру», – деді.Бұл сұхбат оқушыларға ұстаз еңбегінің мәнін тереңірек түсінуге, мұғалім мамандығының артында үлкен жүрек, жауапкершілік пен мейірім жатқанын сезінуге мүмкіндік берді.Бибігүл Уразбаевнаға шынайы сұхбаты, қажырлы ең�