Ұйымдар тізімі
«Ерікті болу - ерлікке бастар жол»
10-11 сыныптарда «Ерікті болу-ерлікке бастар жол» атты сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Еріктілер күнінің шығу тарихымен, «ерікті» ұғымының мәнімен және волонтерлік қызметтің негізгі бағыттарымен танысты. Талқылау кезеңінде олар еріктіліктің жасөспірімдер үшін маңызы туралы ой бөлісіп, өз пікірін дәлелдеп айту дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Топтық жұмыс барысында экологиялық, әлеуметтік, мектепішілік және медиа-еріктілікке байланысты кейс-ситуациялар қарастырылды. Әр топ өз шешімдерін ұсынып, бірлесіп жұмыс жасау және тиімді коммуникация дағдыларын көрсетті. Қазақстан еріктілері туралы бейнематериалдар оқушыларға ізгі істердің нақты үлгілерін көруге жағдай жасады.
Сонымен қатар қауіпсіздік тақырыбында шағын ақпараттық бөлім өткізілді - «Қаржы пирамидасы деген не және оны қалай анықтауға болады?» атты әңгіме оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Сынып жетекшісі: Кравченко Л.В.
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...