Ұйымдар тізімі
География, биология және химия апталығы аясында география пәнінен мазмұнды әрі қызықты сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар жердің маңызды су ресурстары саналатын көлдер мен мұздықтар әлеміне танымдық саяхат жасап, олардың табиғаттағы рөлін тереңірек таныды. Олар көлдердің пайда болуы мен негізгі түрлерін, мұздықтардың қалыптасу заңдылықтарын, сондай-ақ олардың климат пен жер бедеріне әсерін жан-жақты қарастырды.Сабақта заманауи технологияларды қолдануға ерекше мән берілді. Оқушылар жасанды интеллект көмегімен мұздықтардың түрлерін анықтап, олардың көлемін және уақыт ішіндегі өзгерістерін салыстырды. Сонымен қатар Wordwall және LearningApps платформаларында интерактивті тапсырмаларды орындап, көлдерге қатысты терминдер мен жіктеу үлгілерін бекітті.Қолданылған цифрлық ресурстар география сабақтарын бұрынғыдан да көрнекі, тәжірибеге бағытталған және қызықты етті. Ең бастысы -мұндай тәсіл әр оқушыға өзін нағыз зерттеуші ретінде сезінуге мүмкіндік берді. География + ЖИ + интерактив -тиімді әрі заманауи оқыту форматы!
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...