«Шығармашылық күні: Таланттар шашуы»

Бастауыш сыныптар онкүндігінің 3 күні- «Шығармашылық күні: Таланттар шашуы»
Бастауыш сыныптар онкүндігінің үшінші күні шығармашылыққа, қиялға және жас дарындардың қабілеттерін ашуға арналды.
Шығармашылық- әрбір баланың өзін танытуына, сезімдерін білдіруіне және қызықты идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін ерекше әлем. Суреттер, қолөнер бұйымдары, аппликациялар, ермексаздан жасалған жұмыстар және басқа да шығармашылық туындылар оқушылардың қабілеттерін ашуға, қиялын дамытуға және әдемі дүниелер жасауға көмектеседі.
Бүгін оқушылар шығармашылық әлеміне қызығушылықпен еніп, өздерінің ынтасын, қиялын және ерекшелігін көрсетті. Әрбір жұмыс өзінше ерекше, өйткені онда баланың шынайылығы, даралығы және әсемдікке деген сүйіспеншілігі көрініс тапты.
Алда оқушыларды жағымды сәт- суреттері мен қолөнер бұйымдары үшін грамоталармен марапаттау күтіп тұр! Бұл олардың еңбегіне, шығармашылық жетістіктері мен таланттарына берілген лайықты баға болмақ.
Әрбір бала өз күшіне сеніп, қабілетін батыл көрсетіп, жетістіктеріне қуана білсін!