Қосымша қысқы демалыс – нағыз сыйлық! Біздің бірінші сынып оқушылары бұл күндерді көңілді әрі пайдалы өткізді. Біреулер қалын қарға күмп беріп, қар үйінділерінде аунап, қар қамалдарын тұрғызды, ал басқалар нағыз қарлы шайқасты ұйымдастырды – қар барлық жаққа ұшты! Ең шығармашыл балалар қардан тек аққала ғана емес, тұтас қар лабиринттерін де жасады. Ал кейбіреулер асүйде өнер көрсетіп, қамырдан дәмді манты пісірді.Бірақ демалыс тек ойынмен шектелмейді! Көптеген оқушылар үй жануарларына қамқорлық жасады: бірі үй құстарын бағып-қақты, ал енді бірі қыстап қалған құстарды тамақтандырды.Ал кешке жақсылап демалуға да уақыт табылды: біреулер диваннан төңкеріліп, аяғын жоғары көтеріп мультфильмдер көрсе, ал басқалар отбасы мүшелерімен үстел ойындарын қызыға ойнады.Осындай қызықты, мейірімді әрі ұмытылмас демалыс болды!
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А.