«Ойлан, тап, шеш!»

Бастауыш сыныптар онкүндігінің екінші күні білім, шығармашылық және зияткерлік жаңалықтарға арналды!
1-4 сынып оқушылары арасында «Ойлан, тап, шеш!» атты жұмбақтар, ребустар мен логикалық тапсырмалар байқауы басталды. Оқушылар өздерінің тапқырлығын, зейінін және стандартты емес шешімдер таба білу қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар 2-4 сынып оқушылары арасында көркем жазу марафоны басталды. Оның мақсаты- оқушылардың көркем, ұқыпты әрі сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Алда оқушыларды жаңа қызықты тапсырмалар мен жарқын әсерлер күтіп тұр!
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!