«Бірлік пен келісім»

27 сәуір күні 6 сынып оқушыларымен «Бірлік пен келісім» атты сынып сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасы арқылы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

- оқушылардың мемлекеттік тілді білуге және үйренуге деген танымдық қызығушылығын жандандыру;

- оқушыларды Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеттеріне, тарихи өткеніне және мұрасына деген сүйіспеншілікке, құрметке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сынып сағаты барысында оқушыларға презентация көрсетілді, балалар өлеңдер оқыды, викторина сұрақтарына жауап берді, достық туралы мақал-мәтелдерді атады.

6 сыныптың сынып жетекшісі Кравченко Л.В.