Бір сынып сағаты

14 ақпанда сағат 9:00-да  ZOOM платформасында  оқушылар, педагогтар және ата-аналар үшін онлайн форматта бірыңғай сынып сағаты  өтті. Іс-шараға Сандықтау ауданының әдістемелік кабинеті мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қауіпсіздік мәселелері, төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қаралды.