«Экологиялық калейдоскоп»

Көктемгі демалыс кезінде 2 сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» конкурстық-ойын викторинасына қатысты.

Мақсаты: экологиялық білімді, табиғатқа адамгершілік-құндылық қатынасын қалыптастыру, оқушыларды экологиялық мазмұнның әртүрлі шығармашылық қызметіне қосу, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.    

Викторина барысында оқушылар жұмбақтар шешіп, «Экознайки», «Бұл кім?», «Догадайка!» конкурстарында Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы туралы білімдерін көрсетіп, жануарлар, құстар мен өсімдіктер тіршілігінің таңғажайып фактілері туралы білімдерін толықтырды. Викторина қызықты және танымды өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі: Сенн Е. В.