"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Планетаны құтқарушылар» атты экологиялық квест өткізілді!

География, биология және химия декадасы аясында 5-6 сынып оқушыларымен «Планетаны құтқарушылар» атты экологиялық квест өткізілді!
Қатысушылар 6 түрлі станциядан өтіп, экологиялық тапсырмаларды орындады, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйренді, өз қолдарымен эко-құрылғы жасап, табиғат туралы қызықты деректерді білді.
Квест станциялары:
1. «Табиғаттың сырлы мекендері» - «Кімнің үйі?» логикалық тапсырмасы;
2. «Экологиялық детектив» - экологиялық мәселені шешу;
3. «Аңыз ба, ақиқат па?» -экология жөніндегі интеллектуалдық викторина;
4. «Сұрыптау фабрикасы» - қоқысты түрлері бойынша сұрыптау;
5. «Жануарлар ізімен» -жануар іздерін анықтау;
6. «Болашақтың эко-құрылғысы» - табиғатты қорғауға арналған ойлап табылған құрылғының суретін жасау.
Квесттің мақсаты: оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 


Текст