"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімді жүректер фестивалі»

8 қыркүйек күні мектебіміздің акт залында Отбасы күніне арналған жанды да жарқын шара - «Мейірімді жүректер фестивалі» өтті.
Мереке жылы шеңберден басталды, онда әрбір қатысушы отбасының өзі үшін нені білдіретінін айтты. Бұдан кейін балалар қызығушылықпен «Отбасын жина» ойынын ойнады, жылдамдыққа «үй» тұрғызды, «Анашама көмектес» ойынына қатысты, жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Залда шаттық пен достық атмосферасы орнады.
Залдың безендірілуі де ерекше болды: ол шағын жайлы үй түрінде жасалып, қабырғаларға отбасылық мұрағаттағы фотосуреттер ілінді. Бұл мерекеге ерекше жылылық пен әсерлілік сыйлады. Фестиваль тәтті тосынсыйлармен аяқталып, балалар мен ересектерге қуаныш пен күлкі сыйлады.
«Мейірімді жүректер фестивалі» ізгілікке, жылулық пен отбасы құндылықтарына толы мереке болды.
Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін ауыл клубының кітапханашысы - Задорожная Алёна Оттовнаға айрықша алғыс білдіреміз.
Бастауыш сынып мұғалімі -Анапина Р.А


Текст