"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб

29 мамырда 0-11 сынып оқушыларымен "Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб өткізілді.

Флешмобтың мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.

Халықаралық балаларды қорғау күні– бұл әрдайым жарқын, шуақты, балалық шақтың шынымен қуанышты мерекесі, ол 1950 жылдан бері тойланып келеді.

Балаларды қорғау күні– бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.

Әр балаға ұлтына, түсіне, нәсіліне қарамастан күлуге, билеуге, ән айтуға, оқуға, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға мүмкін әлем қажет.

Жаңартылған күні: 29.05.2023 23:18
Құрылған күні: 31.05.2023 11:50

Текст