Текст
Осы аптадағы психология сабағында 1-сынып оқушылары таңғажайып белсенділік пен шығармашылық танытып, "Сары түсті көңіл-күй" атты ерекше челлендждің бастамашылары болды. Әрқайсысы бұл шуақты түспен қандай ассоциациялары бар екенін бөлісті. Біреулер үшін сары түс — хош иісті мандариндер мен Жаңа жыл мерекелерінің сиқыры, ал басқалар үшін — нәзік күнбағыстар, жылы күн сәулесі мен мықты достықтың белгісі. Кейбіреулер үшін бұл — ата-анасы немесе достарымен бөлісетін қуанышқа толы жарқын сәттер. Бұл челлендж біздің сыныпты жылулық пен жарыққа толтырып, әртүрлі ассоциациялардың барлығымызды бір нәрседе біріктіретінін көрсетті: сары түс — бұл бақыттың, жылылықтың және сүйіспеншіліктің белгісі.
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А.