"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 Маусымда №20899 болып тіркелді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші (мектепте).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-30 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көрсетілген құжаттардың тізбесін портал арқылы немесе қағаз жеткізгіште береді.
- портал арқылы:
1) 2-қосымшаның нысанына сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші (келу мектебіне және шығу мектебіне);
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз жүзінде):
1) 2-қосымшаның нысанына сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші (келу мектебіне және шығу мектебіне);
2) білім беру ұйымының (Қазақстан Республикасынан тыс жерге кететін, Қазақстан Республикасынан тыс жерге кететінін растайтын құжатты ұсынатын білім алушыларды қоспағанда) баланың аты-жөні (бар болса), сыныбы, оқу тілі, мектебі, телефондары және электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурсы) көрсетілетін құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талоны.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жүгінген жағдайда білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқу тілі мен мектебі (телефон, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет ресурсы) көрсетілген білім алушыны бір ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы электрондық қол қойылған хабарлама келеді көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ), Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде - бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқу тілі және мектебі (телефоны, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет ресурсы) немесе дәлелді бас тартуы көрсетіле отырып, оны келу ұйымына ұсыну үшін шығу туралы есептен шығару талонын береді.
Қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші келгені туралы есептен шығару талонын ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқу тілі, мектебі (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет ресурсы) көрсетіледі.
Келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы берілгеннен кейін беріледі) білім алушы құжаттарды алу үшін шығатын орта білім беру ұйымына (білім алушының жеке дело) ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қолына құжаттарды (білім алушының жеке дело) береді. Көрсетілетін қызметті алушы өзі келетін білім беру ұйымына құжаттарды (жеке іс) ұсынады. Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/одан қабылдау/оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстырып тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің "Жеке кабинеті", (анықтамалық қызметтері), сондай-ақ (Бірыңғай байланыс орталығы) "1414", 8-7172-906-984 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Жұмыс кестесі :
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.