"Брейн ринг" зияткерлік ойыны

2021 жылдың 13 желтоқсанында тарих пән апталығы аясында 7 сынып оқушыларымен "Брейн ринг" зияткерлік ойыны өткізілді. Оқушылар "Кәмпит" жеребесі бойынша 3 командаға бөлінді. Ойын 5 раундтан тұрды: "Жаттығу", "Географиялық", "Тарихи", "Мәдениет" және блиц – турнир, бірдей ұпай саны бар командалар үшін.

Викторина барысында оқушылар Қазақстан тарихы бойынша білімдерін қайталап, толықтырды.

19 ұпай жинаған 1 нөмірлі команда жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Терзиди С., тарих пәнінің мұғалімі