Жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі"Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!"тұжырымдамаға сәйкес 10 тамызда балалармен "Ұлы Дала тарихы. Қазақстан Кесенелері" тақырыбына іс-шара өткізілді.
Міндеттері: Қазақстанның киелі жерлерімен танысу; патриотизмге,"Кіші" Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал ету.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипатқа ие және осы халықтың әрбір өкіліне белгілі қасиетті орындары бар. Аталған іс-шарада оқушылар "Қазақстан кесенелері" тақырыбындағы презентацияны тамашалады, Қазақстанның ерекше қастерлі табиғи ескерткіштерінің карта макетін жасады, кесенелердің шығу тегі туралы белгілі аңыздармен танысты.
Жауапты мұғалімдер: Терзиди С.П., Брестель И.В.