Текст
«Біртұтас тәрбие» жұмысы жоспары аясында 1-11 сыныптарда «Білімім - Отанымa» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің тұлға қалыптастырудағы, еліміздің тәуелсіздігі мен өркендеуін нығайтудағы маңызын талқылады.
Оқушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауын тыңдады. Эссе байқауының жүлдегерлері өз жұмыстарын сыныптастарына оқып берді. Олардың еңбегі алғыс хатпен марапатталды.
Мектептің аға тәлімгері: Сергеева Н.О