Текст
Республика күні қарсаңында 3-сыныпта "Менің Республикам" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды, одан кейін балалар өз Отаны туралы білімдерін бекітті, викторинаға қатысты, өлең оқыды, "Менің Республикам" суреттерін салды. Сынып сағатының соңында балалар өздері үшін қорытынды жасады: өз елінің патриоты болу – әр адамның міндеті!
Бастауыш сынып мұғалімі: Григоренко Т. В.