Текст
Ұйымдар тізімі
Бүгін 5-8 сыныптарда 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаты өтті.
Оқушылар бұл маңызды мерекенің тарихымен танысып, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен құрметтің маңызын талқылады. Сабақ барысында оқушылар өз отбасыларындағы дәстүрлерімен бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындады.
Қазіргі қоғамда бейбітшілікті, келісімді және толеранттылықты сақтаудың маңызына ерекше назар аударылды. Өйткені еліміздің күші мен өркендеуі-бірлікте!
Сынып сағаты жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушылардың бойында көпұлтты Қазақстанға деген мақтаныш сезімін және бірліктің құндылығын түсінуге ықпал етті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні