6 сыныптағы сынып сағаты

"Бірыңғай тәрбие бағдарламасын" іске асыру жоспары аясында 6-сыныпта "Отбасылық таланттар" атты сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар өз отбасыларының таланттары, шығармашылық қызығушылықтары, дәстүрлері туралы әңгімеледі. Таланттар туралы презентация тамашалап, викторина сұрақтарына жауап берді, сурет салды. Іс-шара соңында балалар өздерінің таланттарын көрсетті.

Әлемде балалар мен ата-аналар бірдей емес, әр отбасы өзінше ерекше. Біз бүгін бұған көз жеткіздік.

Сынып жетекшісі Г.Б. Тлеулинова