Текст
6-сынып оқушлармен "Мен OFFLINE (оффлайн) атты сынып сағаты өтті. Халықаралық интернетсіз күніне арналған республикалық акция туралы оқушылардың не ойлайтындары жайлы әңгіме жүргізілді. Көптеген балалар бұл идеяны қолдады, өйткені өздерінің айналасындағы виртуалды өмірді байқайды. Әңгімеден кейін оқушылар 26-қаңтар күні немен шұғылданатындары жайлы жоспар құрды. Оқушыларға "Мен OFFLINE " тақырыбына эссе жазуға үйге тапсырма берілді. Осы тапсырма бойынша олар халықаралық интернетсіз күніне байланысты өз ой-пікірлері мен көзқарасын білдірді. Интернет жас ұрпақ уақытының көп бөлігін алып отырғанына қарамастан, олар нақты әлемнің сұлулығын көру және қарастыру үшін гаджеттерден бас тарту қажеттігімен келіседі.