Текст
14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 9-11 сыныптарда «Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі» атты конференция өтті. Конференция барысында оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» топтамасындағы «Дана шешім» деректі фильмін көріп, ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың рөлін талқылады. Назарбаевтың әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және КСРО ядролық қаруына 2/3 сынақ жүргізілген Семей полигонын жабудың тағдыршешті шешіміндегі, сондай-ақ Арал теңізін жаңғырту туралы шешіміндегі маңызын талқылады.
Сынып жетекшісі Махомет Е.Н.