Мен қазақша сөйлеймін

18 наурыз  күні  7 сыныпта жоспарға сәйкес  «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. 

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру

Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

        Шара барысында сайысқа қатысушылар «Жалғасын тап», «Бір әріпке – 10 сұрақ», «Суреттер сөйлейді», «Жеті жұрттың тілін біл», т.с.с. 4 кезең бойынша бақтарын сынап, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

Шаймерденова С.Л.