«Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі».
4 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халқы тілдері апталығына арналған онкүндіктің ашылу салтанаты «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» ұранымен өтті.
Іс-шара оқушылар мен педагогтерді еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздік, отансүйгіштік және қоғамдық келісім төңірегінде біріктірді. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан және Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерінің байлығын айшықтаған көптілді құттықтаулардан басталды.
Алда оқушыларды мазмұнды да қызықты апта күтеді: викториналар, мәнерлеп оқу байқаулары, көрмелер және басқа да танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.