1-сынып оқушыларына арналған «Біртұтас» тәрбие бағдарламасы аясында «Менің ертеңім» атты сынып сағаты өтті. Бұл сабақ балаларға армандары мен болашақ жоспарлары туралы ойлануға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар ата-аналарының арнаған аудиохабарламаларын тыңдады. Әке-аналары жылы лебіздері мен тілектерін жеткізіп, балаларға болашағын елестетуге көмектесті. Балаларға қолдау сезімін сыйлап, олардың ертеңі дәл бүгіннен басталатынын түсінуге ықпал етті.Оқушылар болашаққа хат жазды. Армандарына жету үшін қандай қадамдар жасау керектігі жайлы ойланды.Сынып сағаты кітап көрмесімен жалғасты, онда кітапханашы балаларды ұлы қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Есенберлиннің нағыз патриот болғанын, әрдайым өз болашағы мен елінің болашағы туралы терең ойлағанын атап өтті. Жазушының туған жеріне деген махаббат пен халқының тағдыры туралы толғанысқа толы шығармалары балаларға өздерінің мәдени мұраларын қадірлеуге және ұлы болашаққа ұмтылуға шабыттандырды.
Осылайша, іс-шара жеке болашағы туралы ойлануға ғана емес, сонымен қатар халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін ұялатуға себеп болды. Бұл сабақ үлкен мақсаттарға жетуге шабыттандырды.
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А
Кітапханашы: Шокаева С.О