"Менің Республикам-менің мақтанышым"

    "Адал Азамат" бағдарламасын іске асыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары шеңберінде, сондай - ақ бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 20 қазанда 3-сыныпта Қазақстан Республикасы күніне арналған "Менің Республикам - менің мақтанышым" тақырыбында сынып сағаты өтті.

 

Сынып сағатының мақсаты:

- Өз еліне деген патриотизм мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

- Елдің рәміздері мен адамдарына деген мақтаныш, құрмет сезімін дамыту;       Сынып сағаты барысында оқушылар ел тарихының маңызды беттерін еске алып, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, осы мерекенің маңыздылығы және өз Отанын не үшін жақсы көретіндігі туралы әңгімеледі.

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Глущич Л.В.