«Ұлттық киім - біздің мақтанышымыз!»

Челлендж «Ұлттық киім - біздің мақтанышымыз!»
Бүгін Ұлттық киім күні аясында 4 сынып оқушылары «Ұлттық киім – біздің мақтанышымыз!» челленджіне қатысты.
Ұлттық киім күні - халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне арналған ерекше мереке.
Бұл күні барлығы ұлттық киім киіп, өз ұлтының бай мұрасын көрсетеді.
Ұлттық киім -жай ғана сән емес, ол - тарихымыз бен дәстүріміздің айнасы. Мұндай мерекелер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге зор мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып мұғалімі: Шипило Т.А.