«Ойна да, ойла» сыныптан тыс іс-шараның өткізілгені туралы есебі

28 қараша күні Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 1-4 сыныптар арасында бастауыш сыныптар апталығы аясында «Ойна да, ойла» атты қазақ тілінен викториналық ойын өтті.

Бұл іс-шара оқушылардың туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыруға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған.

Викторина барысында оқушылар топта жұмыс жасап, өз-өзін таныстыруда, әріптерден сөздер құрастыруда, викториналық сұрақтарға жауап беруде, «Асық» үстел үсті ойынында өз күштерін сынап көрді.

Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, білгендерін қайталады, сонымен қатар біраз жаңалықтарды біліп, жағымды сезімге толы, тамаша көңіл-күймен кетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тлеулинова Г.Б.