Бүгін көптен күткен «Планета KIDS» мектеп жанындағы алаңының ашылуы өтті -бұл қуаныш, шығармашылық пен жаңалықтар мекені!
Іс-шара көңілді клоунмен құшақтасудан басталды. Ол балаларға бірден күлкі, және жақсы көңіл-күй сыйлады. Балаларды көңілдендіріп қана қоймай, бұл шара нағыз мерекеге айналды!
Балалар үлкен қуанышпен қозғалмалы және зияткерлік ойындар ойнады, өз таланттарын көрсетті, би билеп, жаздың әр сәтінен ләззат алды. Әсіресе әркім өз шеберлігін көрсете алған ойын ерекше есте қалды: біреуі қолының үстінде шебер жүрсе, енді бірі көпірше жасап көрсетті, тағы бірі керемет сальто орындады. Нағыз кішкентай әртістер мен спортшылар! Барлығы бір-бірін қол шапалақтап, күлімсіреп қолдады.
Ертегі кейіпкерлерінің құқықтары туралы викторина ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өз құқықтары туралы ойын түрінде көп мағлұмат алды.
Көңілді ашылудан кейін мереке ауылдың Мәдениет үйінде жалғасты, онда балаларды жаңа әсерлер, тосынсыйлар мен қуанышты сәттер күтіп тұрды.
Қызықты, танымды және көңілді -жазғы демалыс дәл осылай басталуы керек! Жаз енді ғана басталды, ал «Планета KIDS»-те әлі талай жарқын оқиғалар алда!