Текст
15.02.2021 жылы «Болашақ» шағын орталығының тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына экскурсия жасады. Кітапханашы балаларды жылы қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасауды ұсынды. Балалар кітапханашының әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кітаптармен дұрыс жұмыс істеу, оқу залында өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Балалар қуана-қуана, ал кейбіреулері тынысын ішіне тарта, сөрелерде тұрған әдемі тыстары бар көптеген кітаптарға қарады. Балалар көптеген әсер алды, олар жақсы, ұқыпты оқырмандар болуға және кітапханаға жиі келуге уәде берді. Экскурсия соңында барлық балаларға «Кітапханаларда өзін қалай ұстау керек» жадынамалары табысталды.
Шағын орталықтың тәрбиешісі: Григоренко Т. В.