"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құқықтық мәдениет және оның маңызы»

«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасын іске асыру аясында мектепте
«Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында біріңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту және азаматтың құқықтары мен міндеттерінің маңызын түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар құқықтық мәдениеттің негізгі ұғымдарымен танысты, құқыққа сай және құқыққа қайшы мінез-құлықтың мысалдарын талқылады, заңды сақтау мәселелеріне байланысты өмірлік жағдаяттарды қарастырды, сондай-ақ диалог пен пікір алмасу арқылы кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы ой қозғады.
Әсіресе адалдық, әділдік, айналасындағыларға және заңға құрмет көрсету сияқты құндылықтарды тәрбиелеуге ерекше назар аударылды. Бұл «Адал азамат» бағдарламасының идеологиясына толық сәйкес келеді.
Аталған сынып сағатының өткізілуі білім алушылардың құқықтық санасының артуына, белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына және күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын түсінуіне ықпал етті.


Текст