Ұйымдар тізімі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім алушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Сандықтау ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ақжанов А.Қ. қатысты. Кездесу барысында инспектор оқушыларға буллингтің мәні, оның алдын алу жолдары және қатарластарына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Әсіресе жасөспірімдер арасында өзара құрмет пен сыйластықты қалыптастыру, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әлімжеттік фактілері анықталған жағдайда дер кезінде педагогтерге, ата-аналарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі атап өтілді. Инспектор мектеп аумағына алып кіруге қатаң тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін еске салып, қауіпсіздік талаптарын сақтау әр білім алушының міндеті екенін жеткізді.Әңгіме барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың жалпы профилактикасы, қоғамдық орындарда және мектеп қабырғасында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің құқықтық салдары жан-жақты қарастырылды. Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мектепте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Қауіпсіз интернет күні