«Кітаптар әлеміне саяхат»

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында «Кітаптар әлеміне саяхат» атты Кітап күні өтті!
Күннің басты оқиғасы «Кітаптар әлеміне саяхат» атты қызықты викторина болды. Викторина барысында оқушылар әдебиеттің ғажайып әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегілері мен шығармаларын еске түсірді, әдеби кейіпкерлер туралы білімдерін толықтырып, өз білімдерін көрсетті. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, білімділіктерін, тапқырлықтарын және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін танытты.
Кітап -жай ғана білім көзі емес, жақсылыққа үйрететін, қиялды дамытатын және жаңа жаңалықтарға жол ашатын сенімді дос. Викторина оқушыларға кітап оқудың, оқығанын түсінудің және кітаптан түрлі сұрақтарға жауап табудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Екінші іс-шара ретінде бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасы тексерілді.

Бастауыш сынып мұғалімдері
Кітапханашы