"Сауаттылықпен жылдам, сауатсыздықпен баяу"
26 наурызда 2 және 4 сынып оқушыларымен орыс тілі пәні бойынша оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жеке сабақтар өткізілді. Балалар сын есімдер мен зат есімдердің тегі мен саны туралы білімдерін белсенді түрде қайталап, бекітті. Оқушылардың орфографиялық қырағылығын, сондай-ақ каллиграфияны қалыптастыруға ықпал ететін жаттығулармен жұмыс жасадық. Ағылшын тілі пәні бойынша фонетика, әріп тіркестерін қайталау бойынша жұмыс жүргізілді, оқу шеберлігіне назар аударылды. 4 сынып оқушылары математика пәні бойынша TIMSS тапсырмаларын пысықтады. Жұмыс барысында балалар логикалық тапсырмаларды орындады, қозғалыс мысалдары мен есептерін шешті, геометриялық фигураларды салды, кесте, сызбалар мен диаграммалар бойынша ақпаратты тапты.






Бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері: Шипило Т. А., Билевич, С.В., Сенн Е.В.