23 желтоқсан күні 1-сыныпта Тәрбиенің бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Бақытты демалыс — қауіпсіз демалыс" тақырыбында сынып сағаты өтті.Іс-шара барысында оқушылар жаңа жылдық мереке кезінде қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін екенін және демалысты қалай көңілді әрі қауіпсіз өткізуге болатынын білді. Әсіресе, фейерверктерді қауіпсіз пайдалану, мұз айдындары мен сырғанақтардағы мінез-құлық ережелері, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қайталауға ерекше назар аударылды.
Сынып сағатының соңында балалар қауіпсіз демалыс бойынша жадынамалар мен кеңестер орналастырылған лэпбук жасады. Барлық оқушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, өз ойларымен бөлісті және басты қорытындыға келді: бақытты демалыс — бұл қауіпсіз демалыс!
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А.