«Отбасы бізден басталады»

«Отбасы бізден басталады» отбасы апталығына арналған салтанатты жиын.
Отбасы апталығы аясында білім беру ұйымымызда «Отбасы бізден басталады» тақырыбында тәрбие сағаты түрінде салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға және жақын адамдарға деген құрметті арттыру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік, қамқорлық пен қолдаудың маңызын түсіндіру.
Жиын барысында отбасы — әр адамға сүйіспеншілік, жылулық пен қолдау сыйлайтын қасиетті орта екені айтылды. Отбасындағы сыйластық пен татулық әрқайсымыздан басталады.
Әр шаңырақта бейбітшілік, береке, махаббат пен өзара түсіністік орнасын! Өйткені отбасы бізден басталады!