«Телефондағы отбасы»

10 қыркүйек күні оқушылармен гаджеттерді тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға арналған өзекті «Телефондағы отбасы» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар смартфондардың күнделікті өмірімізде алатын орны туралы пікір алмасты. Сондай-ақ кейде бір отбасы мүшелері бір-біріне жақын отырып та, әрқайсысы өздерінің цифрлық әлеміне еніп кететін жағдайлар туралы ой бөлісті.Сонымен қатар цифрлық тәуелділік, кибербуллинг, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және ата-ана бақылауы мәселелері талқыланды. Оқушылар телефонды қанша уақыт пайдаланатыны, әлеуметтік желілерді шексіз қарауды немен алмастыруға болатыны және жақындарымызбен, достарымызбен қарым-қатынас жасауға уақыт бөлудің маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.
Сабақ барысында қарапайым әрі маңызды ережеге ерекше назар аударылды: гаджеттер бізге білім алуға, дамуға және қарым-қатынас жасауға көмектесуі керек, бірақ шынайы өмір мен жақын адамдарымыздың орнын алмастырмауы тиіс.
Отбасы ортақ Wi-Fi-дан емес, өзара қарым-қатынастан, көңіл бөлуден және бірге өткізген уақыттан басталады!

Аға тәлімгер Штель С.Я.