«Балаларға берілген жүрек!»
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жұмыс жоспары аясында 4 ақпан күні мектеп оқушылары үшін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева туралы фильмдер көру ұйымдастырылды. Фильмді көру барысында оқушылар Сара Алпысқызының өмірімен және қызметімен танысты, әңгімелесуге қатысты, мұғалім ұсынған жағдайлар негізінде басқалардың мінез-құлқы мен өз іс-әрекеттерін бағалады. Іс-шара соңында оқушылар «Достық заңдары» постерін құрастырып, оларды достарына сыйлады.


Бастауыш сынып мұғалімі: Сенн Е. В.